Алматы қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев тұрғындардан қоғамдық тәртіпті бұзған, ластағаны туралы фото, видеоларды 102 қосымшасы арқылы жіберуге шақырды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
«Қосымшада тәулік бойы 20 оператор бейнеқоңырау, аудио немесе SMS хабарламаларды қабылдайды. Нәтижесі, қоғамдық тәртіпті бұзған адамға қолданған жаза фото, видео жіберген авторларға хабарланады. Жыл басынан бері 500-ге жуық хабарлама келді. Түкірген 5 613 адамды әкімшілік жауапқа тартты», – деді Ержан Ұзабаев.
Оның айтуынша, биыл 7 айда қаланы абаттандыру ережелерін бұзған 17 152 дерек, қоғамдық орында ішімдік ішкен 11 481 дерек, тыныштықты бұзған 5 494 дерек, тыйым салынған жерде темекі шеккен 3 077 дерек тіркелді. Сондай-ақ 505 заңбұзушылық анықталды.
Видеоны осы
сілтеме арқылы көре аласыз.