Еурокомиссияның біріккен зерттеу орталығы ғалымдардың ескерту жасап ұсынған баяндамасын оқып, еуропаның 3/2 бөлігі соңғы 5 ғасырда болмаған құрғақшылықты басынан өткереді, одан әрі мұның жалғасы жақсылыққа апармайтынын айтты, деп хабарлайды taulik.kz bbc.com басылымына сілтеме жасап.
Аталған проблеманы қазірден өзінде бастан кешіп отырған елдер: Италия, Испания, Португалия, Франция, Германия, Нидерланды, Бельгия, Люксембург, Румыния, Венгрия, Сербия, Украина, Молдова, Ирландия және Ұлыбритания. Бұл бүкіл құрлықтың 47% құрайды.
Бұдан бөлек құрлықтың 17% түгелімен шөлді, құрғақ далаға айналған. Ондағы қандайда бір өсімдікті аман қалу мүмкін емес.
Ұлыбритания құрғақшылықтың болып жатқаны туралы ресми түрде мәлімдеді.
Баяндамада ескерткендей, құрғақшылық бағбандардың басты проблемасы айналады әрі орман өртінің өршуіне алып келеді. ал Еуропаның оңтүстік аймақтарында аптап ыстық бірнеше айға созылуы мүмкін.
Соңғы 5 жылмен салыстырғанда ЕО-дағы егіншіліктің жағдай мәз емес. Мәселен, биыл жүгері өнімдерінің пайдасы 16%-ға азаяды, соя – 15%, күнбағыс – 12%.
«Қазіргі жағдайға қарасақ, бұл соңғы 500 жылда болмаған өте ауқымды құрғақшылық», – делінген орталық баяндамасында.