«Ипотекаға үй алуға болмайды. Ипотека деген не? Ол жерде не бар? Ол жерде өсім бар. Өсім дұрыс емес. Мынадай сұрақ келген: «Мен жалдамалы пәтерде неше жылдан бері тұрып жатырмын. Ақшаны біреуге беріп, ауаға шашып жатқандаймын. Өзімде үй де, баспана да жоқ. Біреуге беріп жатырмын. Ипотекаға үй алсам, өзіме қалатын еді ғой» деген сөз айтылды. Пәтер жалдап тұрсаңыз да иманды, ибалы ұрпағыңыз өсіп жатыр. Тақуа балаларыңыз, иманды қыздарыңыз өсіп жатыр. Уайымдамаңыз. Өмір бойы пәтер жалдап тұратын адам жоқ. Алла Тағала барлығына үй береді, сынақ сондай», - деді имам.Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.