Жетісай қаласындағы орталық базар өртеніп кетті

Жетісай қаласындағы орталық базар өртеніп кетті

ашық дереккөзі

Түркістан облысы Жетісай қаласыдағы орталық базар өртеніп кетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Сағат 03:00-де Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» базарының аумағында ауданы 500 шаршы метр болатын жеке тұрған бір қабатты ғимаратта және ауданы 400 шаршы метр қалқаның астында орналасқан аумақтан өрт шыққан (Базардың жалпы ауданы – 2500 шаршы метр). Өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Желдің салдарынан өртті сөндіру қиын болды. Жалынды сөндіруге 47 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды», – делінген Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша оқиға себептерін анықтау және өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі комиссия құрылды.

Taulik.kz

Loading...