


«Сағат 03:00-де Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» базарының аумағында ауданы 500 шаршы метр болатын жеке тұрған бір қабатты ғимаратта және ауданы 400 шаршы метр қалқаның астында орналасқан аумақтан өрт шыққан (Базардың жалпы ауданы – 2500 шаршы метр). Өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Желдің салдарынан өртті сөндіру қиын болды. Жалынды сөндіруге 47 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды», – делінген Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Жетісай тұрғыны Ержан есімді азаматтың бізге жолдаған хабарласамында:
Қазір базар науқаны болғандықтан, қыркүйек айына сатушылар қатты дайындалған. Барлығы несие, қарыз алып, дүкенге зат толтырған.


Taulik.kz