logo
search
menu

НАТО Ресейге қарсы күш дайындап жатыр

НАТО Ресейге қарсы күш дайындап жатыр
27 тамыз, 2022
НАТО Ресейге қарсы күш дайындап жатыр
ашық дереккөзі

Мазмұны

    НАТО Арктикадағы әскери нысандарды күшейтуге ниетті. Мұндай қажеттілікті НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен елдің әскери нысандарына бірлескен сапарының қорытындысы бойынша айтты. Бұл туралы Taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
    "Ресей зымырандары мен бомбалаушы ұшақтары үшін Солтүстік Америкаға ең қысқа жол Солтүстік полюс арқылы өтеді. Бұл НАТО үшін АҚШ-Канада бірлескен аэроғарыштық қорғаныс жүйесінің ролін маңызды етеді. Альянстың жаңа тұжырымдамасы Ресейдің Қиыр Солтүстіктегі әлеуетін стратегиялық сынақ ретінде анықтайды", - деді Столтенберг.
    Ол Ресей жаңа арктикалық қолбасшылық құрып, Арктикада жүздеген әскери нысандар ашқанын еске салды.
    "Қытай да өз қатысын кеңейтіп жатыр. Бейжің мен Мәскеу де Арктикадағы практикалық ынтымақтастықты жандандыруға міндеттеме алды. Бұл біздің құндылықтарымыз бен мүдделерімізге қауіп төндіреді. Қазірдің өзінде Атлант мұхитында жаңа НАТО қолбасшылығын құрдық. Одақтастар, соның ішінде Канада да бар", - деді альянстың бас хатшысы.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы