logo
search
menu

Қарағандыда жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты

Қарағандыда жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты
27 тамыз, 2022
Қарағандыда жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қарағанды облысында жол апатынан бір отбасының мүшелері қаза тапты. Бір бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz басылымы. Басылым мәліметінше, 26 тамызда сағат шамамен 23.30-да "Балқаш-Приозерск" тасжолындағы Гүлшат ауылына 23 шақырым жерде 35-жастағы "Опель Вектра" жүргізушісі жөндеу жүріп жатқан жабық жолда (ескерту жол белгілері бар) 25-жастағы азаматтың басқаруындағы "Хово" автомашинасымен бетпе-бет соқтығысқан.
    "Опель Вектра " автомашинасының жүргізушісі, оның 35-жастағы жұбайы, олардың кәмелетке толмаған үш балалары оқиға орнында қаза болды, бір бала медициналық мекемеге жеткізілді.
    Аталған дерек полицияда тіркелді және тағайындалған қажетті сараптама қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы