Баланы телефонға, гаджетке деген тәуелдіктен арылтудың жолын «НИИДПО» білім беру институтының маманы Арина Миллер тапты. Арина қазіргі кезде клиникалық психолог дәрежесі бойынша тәжірибеден өтіп жүр.
Оның айтуынша, ата-аналарға баланы ойламас бұрын, алдымен өздерінің әркетіне мән бергені дұрыс деп санайды.
«Жақсы сөз, ақыл айта беруге болады, бірақ бала сіздің айтқаныңызды емес, істеген ісіңізді қайталайды. Тіпті дәл соның көшірмесін жасайды. Егер балаңыздың 24/7 сағат бойы телефонға үңілгенін қаласаңыз, өзіңіз бірінше сол гаджеттен қашыңыз. Оның орнына пайдалы істі жасаңыз, оны бала қайталайды. Бала сіздің сөзіңізді елемейді, ісіңізді сөзсіз-ақ түсінеді», - дейді психолог. Сол үшін үйде арнайы бір күнді телефонсыз күн ретінде бекітіп, пайдалы істі жолға қойыңыз.