Мәзір
29 тамыз, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Шетел азаматы теңізге түсу үшін Беларусь елінен Ақтауға жаяу келген

Шетел азаматы теңізге түсу үшін Беларусь елінен Ақтауға жаяу келген

Шетел азаматы теңізге түсу үшін Беларусь елінен Ақтауға жаяу келген Шетел азаматы теңізге түсу үшін Беларусь елінен Ақтауға жаяу келген
ашық дереккөзі
Маңғыстаулық жол сақшысы қиындыққа тап болған шет елдік азаматқа көмек көрсетті. ер адам Беларусь елінен Ақтау қаласына қарай теңізге түсу үшін жаяу жүрген, деп хабарлайды Taulik.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  Мұнайлы ауданы ПБ ППР аға қызмет инспекторы Ж. Таджибаев әдеттегідей өзіне белгіленген аумағында қызмет ету барысында түнгі мезгілде жол бойында отырған белгісіз ер адамды байқайды.  Мән-жайды анықтау үшін полиция капитаны бірден азаматтың жанына барып, қандай көмек қажет екенін сұрады. Белгілі болғандай, ер адам Беларусь елінен Ақтау қаласына қарай теңізге түсу үшін жаяу жол тартқан. Осылайша орта жолда қаражат мәселесі туындап, қиындыққа ұшыраған. Полицейлер туристке жедел көмек көрсетіп, оны қонақ үйге орналастырған. Кейін тамақтандырып, теңіз жағалауына жеткізіп тастады. Беларустік саяхатшы полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Taulik.kz

Апта талқысында: