Жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша алынған көліктер Ресейге қымбат бағаға сатылып жатыр

Жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша алынған көліктер Ресейге қымбат бағаға сатылып жатыр

ашық дереккөзі

Kozachkov offside Telegram каналында жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша сатып алынған көліктер Ресейге қымбат бағаға сатылып жатқаны жазылды.  Қауымдастықтың баспасөз қызметі бұл хабарламаға түсініктеме берді.
"Қазақстанда жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша автокөлікті тек Қазақстан азаматтары ғана сатып ала алады. Жеңілдікпен сатылған көліктерді үшінші тұлғаларға сатуға болмайды, өйткені несиеге сатып алынған көліктердің барлығына несие толығымен өтелгенше иеліктен шығару ауыртпалығы салынады. Яғни, алдымен несиені өтеу керек, кейін қайта сатуға болады", - деді қауымдастық өкілдері.
Бұл ретте бір адам жеңілдетілген несиеге екі жылда бір көлік сатып ала алады.
"Кейбір банк несиені мерзімінен бұрын өтегені үшін, егер 12 айдан бұрын өтелсе, айыппұлдар қарастырады", - деді ҚАБҚ. "Жеңілдетілген несие беру бағдарламасының өзі біздің азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие. 2022 жылғы 19 тамыздағы жағдай бойынша автокөлік сатып алуға 31 538 өтініш қабылданды, оның ішінде 95,517 миллиард теңге сомаға 12 483 өтініш мақұлданды. Барлығы 77,068 миллиард теңге сомаға 10 015 автомобиль берілді", - деп хабарлады қауымдастық.

Taulik.kz

Loading...