Мәзір
29 тамыз, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Бұл мектеп қазақ-орыс гимназиясы, және қала әкімі Досаевтың директорға туыстығы жоқ - Білім басқармасы

Бұл мектеп қазақ-орыс гимназиясы, және қала әкімі Досаевтың директорға туыстығы жоқ - Білім басқармасы

Бұл мектеп қазақ-орыс гимназиясы, және қала әкімі Досаевтың директорға туыстығы жоқ - Білім басқармасы Бұл мектеп қазақ-орыс гимназиясы, және қала әкімі Досаевтың директорға туыстығы жоқ - Білім басқармасы
ашық дереккөзі
Алматыда №38 лицей оқушыларына РФ туы бар мектеп формасын киюді талап етуде. Бұл туралы қоғам қайраткері Мұрат Әбенов өзінің фейсбук парақшасында хабарлаған еді, деп хабарлайды Taulik.kz. 
"Ресейшіл" әкім Досаев қазақ балаларына бөтен елдің мемлекеттік рәміздерін мектеп формасына тағуды неге мәжбүрлейді? Алматыда №38 мемлекеттік лицейдің оқушыларына 1 қыркүйектен бастап мектеп формасына РФ туы бар осындай белгіні (шеврон) тағып жүрүді талап етіп, жасай бастапты. Ата-аналар өз наразылығын білдіріп жатыр. Президент Әкімшілігі, Тоқаевтың өзі тағайындаған әкімнің бұл әрекетін тез арада тоқтату керек. Не дегенмен халықпен тікелей сайланбаған өңір басшысы халық үнінен шаруасы болмайды екен", - деп жазды ол.
Азаттық рухы сайтының мәліметінше, қазақстандықтар Алматыдағы №38 мектеп лицейінің директорын жұмыстан шығаруды талап етуде. 

Директор Ресей туы бар мектеп формасын міндеттеді деген ақпарат әлеуметтік желіде желдей ескен еді. Көпшілік өз наразылықтарын пікір арқылы білдіруде.

«Барлық көрнекі ақпарат ең алдымен мемлекеттік тілде болуы керек.

Мұндай жағдайда мемлекеттік тілді құрметтемегені үшін жазалануы керек», «Мектеп директорын жұмыстан босатуды талап етеміз! Бұл неткен сепаратизм?!», «Арандатушылық әрекеттері үшін жауапқа тарту керек. Қазіргі таңда кез келген қадам мың рет тексерістен өту керек», «Оларға сонда Қазақстан Республикасының заңдары қатысы жоқ па?», «Ата-ана қайда қарап отыр?», “Енді қалғаны Ресей туы ілінген шеврон таққанымыз еді», – деп жарыса жазуда жұрт.

Пост астындағы коментарийде Алматы қалалық білім басқармасының ресми жауабын да көруге болады. Шенеуніктер 1998 жылы 4 шілдеде Ресей Федерациясымен екіжақты қарым-қатынас мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен өткен хаттаманың 1.7 тармағы негізінде мектепке «Қазақ-Ресей гимназиясы» мәртебесі берілгенін хабарлады.

«2001 жылы гимназияға орыс ғалымы М.В.Ломоносов есімі берілсе, 2011 жылдан бастап оқу орны «М.В. атындағы 38 қазақ-орыс гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне айналды.

38-ші гимназия оқушысының шевроны 2010-2011 оқу жылында мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитетінің өкілдерінің отырысында гимназия директоры Ақмағамбетова Р.Г. кезінде бекітілген еді.

Жаңа 2022-2023 оқу жылынан бастап бұл эмблема өз күшін жойды», - деп хабарлады ведомствода.

Бұл жерде олар гимназияның қазіргі директоры Досаев Гүлжан Досаевнаның 2017 жылы тағайындалғанын, қала әкімі Ерболат Досаевпен ешқандай туыстық байланысы жоқтығын тілге тиек етті.

Taulik.kz

Апта талқысында: