Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
29 тамыз, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Тышқан, сиыр, барыс...»: қай жылы дүниеге келдіңіз?

«Тышқан, сиыр, барыс...»: қай жылы дүниеге келдіңіз?

«Тышқан, сиыр, барыс...»: қай жылы дүниеге келдіңіз?
ашық дереккөзі
Психологиялық тесттер адам болмысын толық ашып айтпаса да, мінез-құлық, ерекшелік пен кемшіліктер туралы анық айтады. Туған жылына қарап, адамның қандай екенін білуге болатынын білесіз бе?
  1. Тышқан жылы
Олар таза, сақ жүреді. Той-думаннан бойын аулақ салуға тырысады. Мінезі – тәкаппар, сәл нәрсеге өкпелегіш келеді.
  1. Сиыр жылы
Ұстамды, қайғыға күйзеліп, кез келген адамға көмектесуге дайын тұрады. Кейде бұл қылығы өзіне зиянын тигізеді. Адамдар олардың жақсылығын тез ұмытады.
  1. Барыс жылы
Ашуланшақ, басқаға билік жүргізгенді ұнатады. Ешнәрсеге көңілі толмайды, бір істі қолға алса, бөгет болған адамдарды ұнатпайды.
  1. Қоян жылы
Қорқақ. Кез келген нәрседен үрейленеді, сыр сақтай алмайды. Маңызды істе өз бетінше шешім қабылдауға қорқады. Ылғи көңіл-күйіне қарай әрекет ететін жан.
  1. Ұлу жылы
Тұйық мінезді, барынша қарапайым көрінуге тырысатын, байсалды, құпияны сақтай білетін, көбінесе үнсіз жүруді ұнататын адам. Оның қолынан үлкен істерді атқару келеді, қай істі де өз ақылымен, оңаша шешуге ұмтылады.
  1. Жылан жылы
Сырт көзге ұяң болып көрінеді. Қойылған сауалға нақты жауап қайтармайды. Басына пәле болып жабысатын нәрсе – тілі. Шамына тисе, ұяңдығын қойып, шынайы мінез-құлқын көрсетеді.
  1. Жылқы жылы
Олар – «жұмыс аты» сияқты. Жұмыстан ешқашан да жалықпай, таңертеңнен кешке дейін бір тыным таппайды.
  1. Қой жылы
Сәл нәрсеге ашуланады. Сондай сәттерде өзіне де, жанында жүргендерге де қауіпті. Өзін жарға жығатын мінезі – шешімді тым асығыс қабылдайтындығы.
  1. Мешін жылы
Олар – өзіне-өзі ғашық жандар. Сәнқой, көңілді бас қосуларды ұнатады. Өзін өзгелерден артық санайды.
  1. Тауық жылы
«Үйкүшік», кез келген адаммен тез тіл табысады, отбасында адал.
  1. Ит жылы
Сөзшең, талас-тартыс, дау-дамайға лезде араласып кетеді. Оны өзі де білмей қалады. Алайда ешкімге зияны жоқ.
  1. Доңыз жылы
Оңаша, табиғат аясында, бау-бақшада еңбек еткенді, көңілді кештерге қатысқанды ұнатады. Көп нәрсеге басын қатырмайды. Отбасында бала-шағасы көп болады.

Taulik.kz