Taulik.kz
Техас штатынан бор дәуіріндегі динозаврлардың іздері табылды
Техас штатынан бор дәуіріндегі динозаврлардың іздері табылды
29 тамыз, 2022

Мазмұны
Техас штатындағы «Динозавр алқабы» саябағында жергілікті өзеннің жойылып кетуі салдарынан рекордтық құрғақшылық орнаған. Нәтижесінде 113 миллион жыл бұрынғы ежелгі динозаврлардың жаңа іздері табылды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Палеонтологтардың айтуынша, табылған іздердің көпшілігі шамамен 7 тонна және биіктігі 4,5 м-ге жететін жыртқыш акрокантозаврға тиесілі.
Ал басқа іздерді завропосейдон қалдырған. Бұл мойны ұзын әрі ірі динозавр – салмағы шамамен 44 тонна, биіктігі 18 м-ге дейін жетеді.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы