Мексикалық Сinemex кинотеатрлар желісі Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек көрсетілімін жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Sports.kz сайтына сілтеме.
Жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Альвареске тиесілі екінші орта салмақтағы WBA Super, WBA, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.
Айқас Мексиканың бірқатар қалаларында үлкен экрандарда көрсетіледі деп хабарланған. Билет бағасы 3 доллардан 7 долларға дейін тұрады.