Каспий жағалауында мыңдаған балық өлексесі жиналып қалған

Каспий жағалауында мыңдаған балық өлексесі жиналып қалған

ашық дереккөзі

Каспий жағалауында жатқан мыңдаған балық өлексесін жергілікті тұрғын видеоға түсіріп алған. Ол бұл балықтар сатылуы мүмкін деп қорқады, - деп хабарлайды  Lada.kz сайты. Автор видео Қаламқас кен орны маңында Каспийдің таяз бөлігінде түсірілгенін айтты. Ол балықтар Каспий теңізінің күрт тайыздануы салдарынан өлген болуы мүмкін екенін айтады. Желі қолданушылары жеңіл ақша таппақ болғандар жағдайды пайдалана ма деп қорқады.

"Миллиардтаған балық өлген, енді бұл балықтар базарларда пайда болады. Балықты жинап, мұздатып, адамдарға сата бастайды. Бұл қорқынышты", - дейді видео авторы.

Taulik.kz

Loading...