Елордада футболдан Айсұлтан Рахатты еске алу турнирі өткен. Жыл сайын ұйымдастырылатын турнирдің жеңімпаздарына Дариға Назарбаева сыйлықтар үлестірген, деп хабарлайды Taulik.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағандыдан келген 9-11 жас аралығындағы жас спортшылардың жарысы “Астана Арена” стадионында өткен. Жарысқа 150-ге жуық бала келген.
Екі күнге созылған турнирде "Астана" балалар футбол клубы жеңіске жеткен. Турнирдің күміс жүлдесін Қарағандылық "Шахтер" командасы, ал қола жүлдені алматылық "Қайрат" жеңген.
Телеарнаның сюжетінде Қазақстанның экс-президентінің қызы Дариға Назарбаеваның жүргенін көруге болады. Ол жарыста жеңіске жеткен балаларға сыйлықтар беріп, бірге естелікке суретке түскен.
Taulik.kz