Жұма күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов реформа бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін арнайы жобалық кеңсе құрылғанын айтты. Ол “Біз қазірдің өзінде шетел тәжірибесін алдық” деді баспасөз мәслихатында.
– Біз грузин тәжірибесіне қарсы емеспіз. Оны зерттеп, бардық, қарадық. Елімізде қолдануға болатынның барлығын біз қолдандық. Тек грузин ғана емес, Германияға бірнеше рет бардық, өзім Германияда, Польшада, Эстонияда болдым. Ол жақтан да мүмкін болатын нәрсенің барлығына жүгінеміз, әрине, – деді.
Еске сала кетейік, бұған дейін экс-басшы Нұрсұлтан Назарбаев Грузияның Ішкі істер министрлігін реформалау тәжірибесін елімізде қолдануды ойластырып жатқанын айтқан болатын. Министр бұны жарамсыз деген қорытындыға келді.
– Грузин тәжірибесі қандай – олар барлық полицейлерді жұмыстан шығарып, қайтадан жұмысқа алды. Олар тергеуге, криминалдық полицияға тиіспеді. Олар жол, патрульдік және басқа қызметтерге қатысты ғана шешім қабылдады (атысты). Оларда тек 80 мың полицей болды. 2004 жылы олар реформаны бастаған кезде оларда Грузияның 3,6 миллион халқы үшін 80 000 полиция қызметкері болды. Ал олар оны 20 мыңға дейін қысқартты. Жалақы 10 есеге жуық өсті, деп түсіндірді министр.
Taulik.kz