Тайвань ескерту ретінде Қытайдың әскери дронына оқ атты
Тайвань ескерту ретінде Қытайдың әскери дронына оқ атты
ашық дереккөзі
Бұған дейін Тайвань президенті Цай Инвэнь өзінің қарамағындағы әскери күшке Пекиннің арандатуға апаратын әрекетіне «нақты шара қолдану» керек екенін ескерткен болатын.
Тайвань сейсенбіде өзінің кішкентай ғана аралын айналып өткен Қытайдың ұшқышсыз дронына ескерту ретінде оқу атты.
Аталған жағдай Тайвань президентінің «нақты шара қолдану» туралы айтқан мәлімдемесінен кейін орын алған болуы мүмкін. Себебі дрондардың өзге елдің кеңістігіне кіруі – арандатуға апарады.
Қытай мен Тайвань арасындағы шиеленіс басталғалы бұл бірінші рет атылып тұрған оқ.
Ал Қытай аталған аралды өзінің басқаруындағы территория деп есептейді, Тайвань оған келіспейді.
Атылған оқтан кейін Қытай дроны кері қайтқан.