Мәзір
31 тамыз, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Газпром «Солтүстік ағын» арқылы газ жеткізуді тоқтатты

Газпром «Солтүстік ағын» арқылы газ жеткізуді тоқтатты

Газпром «Солтүстік ағын» арқылы газ жеткізуді тоқтатты Газпром «Солтүстік ағын» арқылы газ жеткізуді тоқтатты
ашық дереккөзі
«Солтүстік ағын» құбыры арқылы газ жеткізу толығымен тоқтатылды. Бұл туралы ресейлік «Газпром» газ концерні хабарлады, деп жазады Taulik.kz сайты «Голос Америки» басылымына сілтеме жасап. Компания хабарламасында 31 тамызда газ айдау агрегатында жоспарлы жұмыстар басталды делінген. Компания 19 тамызда жеткізілімдердің тоқтағаны туралы ескертті. Кейінірек Ленинград облысындағы Портовая компрессорлық станциясында қалған жалғыз турбинаның жөнделуіне байланысты сорғының 31 тамыздан 3 қыркүйекке дейін тоқтайтыны белгілі болды. Газ айдау 3 қыркүйек күні таңертең тәулігіне 33 миллион текше метр деңгейінде қайта басталады, бұл газ құбыры қуатының 20 пайызын құрайды. Айта кетейік, газ құбырының жұмысын тоқтата тұру туралы хабарландыру аясында Еуропадағы газ бағасы мың текше метр үшін 3000 доллардан асты.

Taulik.kz

Апта талқысында: