«31 тамыз күні полицияға Зайсан қаласының 58 жастағы тұрғынының өзіне қол жұмсағаны жайлы хабар түсті. Қазір аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені жүріп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпаратты жария етуге тыйым салынған», – деді департаменттің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова.Бейресми дерек бойынша, мәслихат депутаты үйінде өз-өзіне оқ атқан.
Taulik.kz