Өскеменге қарайтын Шығыс ауылындағы мектептің ғимараты жаңа оқу жылына дайын емес, деп хабарлайды Taulik.kz Алтайньюс сайтына сілтеме жасап.
Абай атындағы №33 мектеп апаттық жағдайдың аз-ақ алдында тұрғаны туралы бұған дейін хабарланған болатын. Алайда жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылы қарсаңында ғана басталыпты.
Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлима Ақылбектің айтуынша, жөндеу 17 тамызда басталған. Жұмыстың кеш басталуына мемлекеттік сатып алу процесінің ұзаққа созылуы себеп болған көрінеді. Енді оқушылардың басым көпшілігі сабақты онлайн оқиды.
" alt=" aria-hidden="true" />
«Жөндеу аяқталғанша бастауыш сынып оқушылары Новоявленка ауылындағы ескі мектепте оқиды. Ал 9 және 11 сынып оқушылары Ахмер кентіндегі №49 мектепте білім алады. Қалған 266 оқушы ата-аналардың келісімімен онлайн түрде оқитын болды», – дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлима Ақылбек.
Taulik.kz