Бүкіл ұрпақты біріктіретін мереке: Аймағамбетов білім күнімен құттықтады

Бүкіл ұрпақты біріктіретін мереке: Аймағамбетов білім күнімен құттықтады

ашық дереккөзі

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді, оқушылар мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды Taulik.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1 қыркүйек – жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Бұл - ерекше эмоцияларды тудыратын мереке, өйткені бәріміз де оқушы болдық және осы күні ұмытылмас мектеп жылдарын еске аламыз. Бұл - бүкіл ұрпақты біріктіретін мереке» - деп атап өтті миниср.
Асхат Аймағамбетов бұл күн, әсіресе бірінші сынып оқушылары, олардың аналары мен әкелері, ата-әжелері үшін көңіл толқытар сәттің бірі екеніне тоқталды.
«Биыл 400 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады. Олар алғашқы әліппелерін қолына алып, білім әлеміне қадам басады. Бұл - мектеп бітіруші 170 мың түлек үшін де айрықша күн. Өйткені түлектер қорытынды емтихандарға, университеттерге түсуге және өмірдегі жаңа кезеңнің басталуына дайындалады. Ол ыңғайлы болуы үшін былтырдан бері ҰБТ тапсыру рәсіміне бірнеше артықшылық енгізілді. Яғни бұл - ҰБТ-ны 4 рет тапсыруға және грантқа түсуге 2 мүмкіндік. 7,6 мың мектепте 3,7 млн баланы қажырлы еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі арқасында алғысқа бөленіп келе жатқан ұстаздарымыз оқытады», - деді Асхат Аймағамбетов.
 
«Үлгерімі төмен балаларға ерекше қолдау, жылы сөздер және олардың жетістікке жететініне сенім қажет екенін түсіну маңызды. Сол себепті биыл Президенттің қолдауымен оқушылардың «БИЛ», «Дарын» сияқты мектептерде білім алуы үшін 15% квота енгіздік. Онымен қоса бірқатар арнайы бағдарламаны қолға алдық. Ерекше қажеттіліктері бар балалар өздерін барынша жайлы сезініп, мектептерде оқи алуы үшін педагог-ассистенттер санын көбейтіп жатырмыз. Бұл осы бағыттағы кешенді жұмыстардың бір бөлігі ғана. Әріптестерім осы мәселеде мені қолдап, мейірімділікке, жылулыққа, қолдауға және өзіне деген сенімге мұқтаж жандарға түсіністікпен қарайтынына сенемін. Балаларға табысты оқу жылы мен зор денсаулық, жаңа білімге, жеңістер мен жаңалықтар ашуға күш-жігер тілеймін! Әріптестеріме шығармашылық табыс, еңбекқор және ынталы оқушылар, амандық пен табыс тілеймін! Баршаңызға Білім күні құтты болсын!», - деді министр.

Taulik.kz

Loading...