Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевқа лайықты қарсыластар болады – Азат Перуашев

Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевқа лайықты қарсыластар болады – Азат Перуашев

ашық дереккөзі

Президент сайлауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа лайықты қарсыластар болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Halyq Uni-не сілтеме жасап.

«Ақ жол» партиясы сайлауға қашан да дайын. Біз сайлаушылардың алдында міндетімізді толық орындап отырмыз. Бұл оңай емес. Себебі партияның мүшелері Парламентте аз. Бүгінде тек 12 депутатымыз бар. Осыған қарамастан біз жұмыс істеп жатырмыз. Президент сайлауына қатысу мәселесін тек партияның құрылтайы шешеді. Әрине, оны талқылауға міндеттіміз», - деді депутат.
Сондай-ақ журналистер Азат Перуашевқа «Қасым-Жомарт Тоқаевқа лайықты қарсыластар бола ма?» деген сұрақ қойды.
«Менің ойымша, болады. Себебі біз еркін елде тұрамыз. Дамудың демократиялық жолын таңдап алдық. Сайлау баламалы түрде өтеді. Сайлауда лайықты кандитаттар болады, - деді ол.

Taulik.kz

Loading...