Мәзір
1 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Өмір – бумеранг»: Алматылықтарға үндеу

«Өмір – бумеранг»: Алматылықтарға үндеу

«Өмір – бумеранг»: Алматылықтарға үндеу «Өмір – бумеранг»: Алматылықтарға үндеу
ашық дереккөзі
Омарбек Нұрбавлиев атты желі қолданушысы Instagram парақшасында Алматылықтарға үндеу жасап, халықты студенттерге қамқор болуға шақырды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Құрметті Алматы тұрғындары, жақын арада әсем қаламызға 30мыңнан аса жаңа студенттер келеді деп күтілуде. Бұл дегеніміз жаңа идея, жаңа мүмкіндік, жаңа серпін! Бірақ «балмұздақтар келді» екен, қаламызды білмейді екен деп:
  1. Әуежайдан, ЖД вокзалдан, сайраннан жүретін таксисттер бағаны екі есе айтпаңыздаршы! Сол студенттерден пайда кормесеңіз аш қалмайсыздар. Оның орнына «студент екенсің, саған 200-300₸ жеңілдік жасаймын» десеңіз мәз болары анық!
  2. Пәтер жалға беретіндер «студенттер көп келді осы жылы» деп пәтердің ақысын қымбат айтпаңыздаршы. Жатақханада орын табалмағандықтан сізге келіп тұр. Оның орнына жылы сөзіңізді айтып, мақтап-мадақтап «осы пәтерде тәртіпті тұрыңыздар, сабақтарыңызды жақсы оқыңыздар» десеңіздер сізге рахметтерін жаудырары анық.
  3. Сол домда тұратын басқа да көршілер «фуу опять студенты...» деп шеттетудің орнына жеті шелпегіңізді осыларға беріп айда бір рет болса да ыстық тамақ пісіріп қамқоршы болсаңыздар Сізді өздерінің ата-аналарындай қабылдары анық!
  4. Мегада, Достық Плазада, Есентай моллда, Көктөбеде киіміне қарап, жүргеніне қарап, қазақша сөйлеп тұрғанын қарап «мамбеты, сол южандар ғой» демеңіздерші. Уақыт келер Сіздің «жаргон» тіліңізді де үйренер. Оның орнына қазақша білсеңіз қазақша сөйлеп, білмесңіздер «я вас понимаю, можете спросить на казахском» десеңіздер алғысын айтып Сізден сауда жасары анық!
Ұмытпаңыз: жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі дейді. Жасаған әр жақсылығыңыз он есе қайтып келеді. Сол жасаған екі жүз теңге жеңілдігіңіз 2 мың тг ретінде келеді. пәтерді студентке берсеңіз ертең күні сіздің де балаңыз басқа қалада жақсы пәтерде тұратын болады. Пісірген ыстық тамағыңыз айналып келіп сіздің ұрпақтарыңыздың азығы болары анық. Өмір деген бумеранг! Жасаған жақсылығымыз да, жамандығымыз да кері айналып не өзімізге не біздің ұрпаққа келеді», - деп жазды ол.

Taulik.kz

Апта талқысында: