«Қаңтар айынан бері біз тек бір мәселемен айналысып келе жатырмыз. Аманат комиссиясының құрамына тек қаңтар оқиғалары бойынша заңсыз қудалауға ұшыраған, заңсыз қамауға алынған азаматтарды бостандыққа шығарумен айналысамыз деп кірдік, кейін өте көп материалдарға тап болдық. Ол мәселелердің себеп-салдары мен шығу жолдарын да қарастыра бастадық. Соның ең басты нәтижесі, біз ұсынған ұсыныс – қаңтар оқиғасына қатысушыларға қатысты бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім. Президенттің өзі осындай шешім қабылдамаса, бұл мәселенің басқадай жолы жоқ еді деп ойлаймын. Біздің жазғанымызды оқып, соған құлақ түргеніне, осындай шешім шығарғанына қатты қуанып тұрмын. Өйткені 9 ай бойы түрмеге кіріп, қамауда отырған азаматтармен кездесу, олардың туған-туысының арыз-шағымын тыңдай алу – оңай шаруа емес», – деді заңгер.Сонымен қатар ол Тоқаевтың бүгінгі сөзінің заң ретінде қабылданғанын күтуіміз керек екенін айтып өтті.
«Ендігі жерде рақымшылық туралы Заң қабылдануы керек. Бүгін президент тек өзінің шешімін айтты. Ал заң бірнеше баптан тұрады. Қазір қаңтар оқиғасына байланысты түрмеде отырған азаматтардың қайсысының рақымшылыққа ілігетін аты-жөнімен кесіп айту қиындау. Бірақ басым бөлігінің бостандыққа шығатыны даусыз. Аманат комиссиясының алдағы жұмысы тек рақымшылық заңымен жұмыс істеуге ойысатын болады», – деді Абзал Құспан.
Taulik.kz