Елордада LRT құрылысын аяқтау үшін тағы $577 млн қажет және 20 млрд теңге көлеміндегі бірінші транш бөлінді. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов бейсенбі күні өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты vlast.kz-ке сілтеме жасап. Сонымен қатар қала әкімі үздіксіз қаржыландыру жағдайында қытайлық серіктестер жобаны екі жыл ішінде аяқтауға дайын екенін атап өтті.
«Егер үздіксіз қаржыландыру болса, қытайлық серіктестер екі жылда аяқтауға уәде беріп отыр», - деді Көлгінов.Айта кетейік, жоба бойынша мердігер - қытайлық консорциум.
«Құрылысты аяқтау туралы шешім қабылданды. Біз біраз жерге барып қалдық», - деді қала әкімі.
Taulik.kz