«Мен бала кезімнен ұрлық жасадым, үнемі қарным ашып жүретін, кейде қайыр сұрайтынмын. Ешқашан өз үйім болмаған. 20 жасымда дүкен тонап, колониядан бір-ақ шықтым. Содан кейін тағы жаза басып, келесі мерзімге кесілдім. Бірақ еш оқығым келмейтін, қолымнан ештеңе келмейтініме ұялатынмын. Қазір жиі сабақ өтеміз, фильмдер қараймыз, психологиялық тренингтерге қатысып, кітап жайлы әңгіме естиміз. Сондықтан оқуға деген ынтам пайда болды. Ұзақ уақыт күмәнданып жүрдім, тіпті қорықтым да. Дегенмен мектепке баруды жөн көрдім», - дейді сотталған ер адам.Алғаш рет білім алуға бел буған сотталғандар тікелей алтыншы сыныпқа барады. Онда мұғалімдер әдебиет, математика, тарих пәндерінен сабақ береді. Диас пен оның камераластары оқу мен жазуды үйренбек.
Taulik.kz