Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерімен бірлесіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауының онлайн көрсетілімі өтті. Бұл туралы Taulik.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Іс-шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко аталған Жолдау Мемлекет басшысының қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін биылғы жылы наурызда бастамашылық еткен Қазақстандағы ірі ауқымды өзгерістердің жаңа маңызды бастамасы болып табылатынын атап өтті.
Шетелдік дипломаттар саяси және экономикалық реформалардың жаңа бағдарламасына ерекше қызығушылық танытты. Осылайша, Палестина Елшісі - шетелдік дипломатиялық корпустың дуайені Мунтасер Абу Зейд «жаңа реформалар мен бастамалар Қазақстан мен басқа елдер арасындағы саяси және дипломатиялық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді» деп атап өтті. Сондай-ақ, ол «реформалар мен таяудағы конституциялық түзетулерді көрсететін Жаңа Қазақстан саяси, экономикалық және гуманитарлық қатынастар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады» деген үмітін білдірді.
" alt=" aria-hidden="true" />
Өз кезегінде елімізге жұмыс сапарымен келген және брифингке қатысқан АҚШ конгрессмендері Джеймс Паннета мен Томас Суози Мемлекет басшымыздың жаңа реформаторлық бастамаларын құптады. Олар Қазақстандағы демократияландыру мен адам құқықтарын күшейту үдерістеріне Вашингтон тарапынан қолдау көрсетуді жалғастыруға дайындығын ерекше атап өтті.
БАҚ-қа арналған комментарийде Еуропалық одақ өкілдігінің басшысы, Елші Кестутис Янкаускас Қазақстан басшысының әлеуметтік-экономикалық реформаларына қолдау білдіріп, шетелдік компанияларды тартуға одан әрі ықпал ететін инвестициялық жобалар саласындағы рәсімдерді оңтайландыруға назар аударды.
Өз кезегінде Беларусь Елшісі Павел Утюпин Президенттің Жолдауы дипломатиялық корпус үшін Қазақстан экономикасына бірлескен инвестиция салумен белсенді айналысуға үндеу екендігін атап өтті.
Taulik.kz