Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға қатыса ала ма?
«Республикалық референдумда қабылданған түзетулерге сәйкес, бұл норма Конституциядан алынып тасталды. Онда тұңғыш президентке екі реттен артық сайлауға қатысу туралы норма қолданылмайтын. Бұл норма алынып тасталды», - деді министрдің орынбасары.Осыған байланысты журналистер Алма Мұқановадан «Демек, кезектен тыс өтетін президент сайлауына Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатыса алмайды ғой?» деп сұрады.
«Иә, тиісті норма Конституциядан алынып тасталды», - деді вице-министр.
Taulik.kz