logo
search
menu

Тоқаев Түркі академиясының президентін қабылдады

Тоқаев Түркі академиясының президентін қабылдады
2 қыркүйек, 2022
Тоқаев Түркі академиясының президентін қабылдады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық Түркі академиясының президенті Монғолияның Арханғай аймағы, Номғон жазығындағы ғылыми археологиялық экспедиция жұмыстарының нәтижесінде табылған Құтлық Елтеріс қағанға арналған кешен мен жазулар туралы баяндады. Дархан Қыдырәлінің айтуынша, бұл жазу тарихымызды, адамзат өркениетіне қосқан үлесімізді 50 жылға ілгерілетеді. Сондай-ақ Құтлық қағанның тұсында салынған салтанатты кешеннен таңбалар, түрлі артефактілер де табылған. Кездесуде Түркі академиясының атқарып жатқан өзге жұмыстарымен қатар шығарған оқулықтары туралы да айтылды. Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысына халықаралық академиядағы жұмысының аяқталып жатқанын жеткізді. Қазақстан Президенті Моңғолияда жүргізген ғылыми археологиялық экспедицияның нәтижелеріне және Түркі академиясының жалпы жұмысына жоғары баға берді.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы