«Халықтың кредитін кешіремін»: Торғайлық журналист президент сайлауына түспек (видео)

«Халықтың кредитін кешіремін»: Торғайлық журналист президент сайлауына түспек (видео)

ашық дереккөзі

Торғайлық белсенді Ербол Мәндібек Президент сайлауына кандидатурасын ұсынғалы отыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, соның аясында биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтетінін мәлімдеген еді.⠀ Артынан WhatsApp-та торғайлық журналист, қоғам белсендісі Мәндібектің саяси додаға түсетінін айтқан бейнежазбасы тарады. Ол бейнежазбасында Президент болып сайланса, халықтың ауызынан ақ май ағызуға уәде беріпті. Сондай-ақ бұл айтып отырғандары сайлауалды бағдарламасының басы ғана екенін атады. Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.

Taulik.kz

Loading...