Қостанай облысындағы өрттің жалпы аумағы 9 400 гектардан асты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы орман алқабы 40 000 га.
«Өртті сөндіруге 32 техника, 3 әуе кемесі, 3 өрт сөндіру пойызы, 235 адам жұмылдырылды. Олар: ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, Лесхоз, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК, жергілікті атқарушы органдар, «ҚТЖ» АҚ - 4 өрт сөндіру пойызы».
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Қостанай облысында температура +38 градусқа дейін, желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін сақталады. Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильин әуеден барлау жұмыстарын жүргізді.
Аманқарағай және Новонежинка елді мекендерін қорғауға бағытталған күштер мен құралдарды қайта топтастыру жүргізілді. Озерное ауылынан (халық саны 250 адам) және Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен (1 000 адам) халықты эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Калинино ауылынан 228 адам, Лесное ауылынан 363 адам эвакуацияланды.
Taulik.kz