logo
search
menu

Путин: Қазақстан 2025 жылы өте маңызды дүниені Орталық Азияға қайтарады

Путин: Қазақстан 2025 жылы өте маңызды дүниені Орталық Азияға қайтарады
5 қыркүйек, 2022
Путин: Қазақстан 2025 жылы өте маңызды дүниені Орталық Азияға қайтарады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан жолбарыстарды 2025 жылы Орталық Азияға қайтаруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz. 

    Оның айтуынша, қазақстандық мамандар қазірдің өзінде жолбарыстарды қайтарумен айналысып жатыр, әрі бұл бастама өте маңызды.

    "Орталық Азияға жолбарысты қайтарумен айналысатын қазақстандық серіктестер өз бағдарламаларында біздің тәжірибеміздің сұранысқа ие екендігі қуантады", - деді ол.

    Сондай-ақ Ресей басшысы жолбарыстың өмір сүруі үшін үлкен аумақтарды қажет ететінін, сондықтан оның мекендейтін жерлерін қорғау және кеңейту басты міндеттердің бірі екенін айтты.

    «Біз жануарлардың да, адамдардың да мекені болып табылатын тұтас экожүйелер туралы айтып отырмыз», - деді Путин.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы