Мәзір
5 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Кісі өлтірген Дикий Арманды түрмеден шығарып алған – Қайрат Сатыбалды» – Болат Әбілев

«Кісі өлтірген Дикий Арманды түрмеден шығарып алған – Қайрат Сатыбалды» – Болат Әбілев

«Кісі өлтірген Дикий Арманды түрмеден шығарып алған – Қайрат Сатыбалды» – Болат Әбілев «Кісі өлтірген Дикий Арманды түрмеден шығарып алған – Қайрат Сатыбалды» – Болат Әбілев
ашық дереккөзі
Болат Әбілев «Қазақстан» қонақ үйінде өткен жиында Қайрат Сатыбалдының Дикий Арманды оппозицияға қарсы қалай пайдаланғаны жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты nege.kz порталына сілтеме жасап.
«2005 жылы 2 мамыр күні парламент сайлауының қарсаңында Шымкентте бас қостық. Екі-үш күн бұрын Қайрат Сатыбалды Шымкентке келіп, Дикий Арманмен сөйлесті. «Сені түрмеден шығарамыз. Ертең оппозицияны «қарсы алып, шығарып» саласың. Біз сені босатамыз», - деп уәде берген. Сөйтіп, адам өлтіріп, түрмеде отырған Дикий Арманды шығарып алған. Ол бір әйелді атып тастағаны үшін қамалған еді. Ол 100-200 бандитті жинап, біз жиналып отырған залға басып кіріп, топалаң жасады. Сот болған кезде Дикий Арман темір тордың арғы жағынан қолын беріп: «Аға, кешіріңіз. Маған өтініш жасады», - деп, кешірім сұрады. Оған биліктің адамдары тапсырма берген еді», – деді Болат Әбілев.
Саясаткер қылмыс әлемінің тәсілдерін, өкілдерін саясатқа араластыруды тоқтатуға шақырды.

Taulik.kz

Апта талқысында: