Мәзір
5 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтыруға міндетті – Аймағамбетов

Мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтыруға міндетті – Аймағамбетов

Мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтыруға міндетті – Аймағамбетов Мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтыруға міндетті – Аймағамбетов
ашық дереккөзі
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерден күніне екі құжат қана талап етілетінін мәлім етті. Бұл туралы министр Qazaqstan арнасының «Жедел желі» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Бұған дейін мұғалімдер баланың қай пәтерде тұратынын анықтау үшін үй аралап жүрген. Біз оның барлығын алып тастадық. Қазір мұғалімдер есік қағып, үй араламайды. Одан бөлек мұғалім толтыратын құжат көп болатын. Соның бәрін реттеп жатырмыз. Президенттің тапсырмасы аясында «мұғалім күніне 2 құжат тапсырады» деген бұйрық қабылдадық. Олар – баға қою және оқу жоспары», – деді Аймағамбетов.
Министр енді мұғалімдер осы екі құжатты ғана толтыруға міндетті екенін атап өтті.

Taulik.kz

Апта талқысында: