Мәзір
5 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қостанайдағы өрт Қазақстанға қарсы ұйымдардың террорлық әрекеті ме?

Қостанайдағы өрт Қазақстанға қарсы ұйымдардың террорлық әрекеті ме?

Қостанайдағы өрт Қазақстанға қарсы ұйымдардың террорлық әрекеті ме? Қостанайдағы өрт Қазақстанға қарсы ұйымдардың террорлық әрекеті ме?
ашық дереккөзі
43 мың гектар жерді жалмаған Қостанайдағы өртке байланысты халықтың пікірі екі тарапқа бөлінді. Бірі қастандық десе, бірі кездейсоқтық деп тұжырымдауда. Тіпті, Тоқаевқа, Ахмет Байтұрсынұлына деген қасақана ұйымдастырылған дүние деп те топшалауда. Taulik.kz тілшісіне саясаткер Дос Көшім бұл мәселеге өз ойын білдірді. Журналист: -Қостанайдағы өрт , Жетісайдағы базар өртінің бір уақыттарда орын алуы қаншалықты “сәйкестік”? Тоқаевқа, Ахаңа істелген қастандық деп жатыр. Эмоциясыз қарар болсақ, шындыққа жанаса ма? Дос Көшім:
-Менің ойымша, бұл кездейсоқтық сияқты. Себебі Жетісайдағы жағдай бөлек, Қостанайдағы жағдай бөлек. Қостанайдағы жағдайды Ресейдің барлау тарапы жағынан жасалған деп ойламаймын.
Бірақ біздегі бесінші колоннаның барын жоққа шығармаймын. Жергілікті жерде Ресейді қолдайтын, Қазақстанға әр уақытта бір саусағын бүгіп отыратын, Қазақстанға қастандық жасауға дайын тұратын топтар, адамдар бар.
Олардың ұйымдасқан сипатын өзім көрдім. Солтүстік Қазақстанда маусым айында 24-30 кездесу өткіздім. Сол уақытта мен көрдім.
Бұлардың құрылымдық деңгейі бар, бұлардың ішіндегі түрлі жасырын Қазақстанға қарсы ұйымдардың террорлық әрекеттері болуы әбден ықтимал. Оны жоққа шығаруға болмайды, әрине, тексеру керек.
Бұның бәрін Тоқаевқа немесе Ахмет Байтұрсынұлының тойына байланысты деп айтпас едім. Бұл кәдімгі біздің ішіміздегі жаудың экономикалық немесе әлеуметтік бағыттағы қорқыныш тудыру үшін жасайтын қарапайым ішкі қарсылықтары болуы әбден мүмкін. Себебі ондай ұйымдардың бар екені Ұлттық азат ету ұйымы т.б. ұйымдар талай жерден айтылып жүр, естіп жатырмыз. Жалпы олардың бәрі демей-ақ қояйық Қазақстанға деген пиғылдарын білеміз. Сондықтан олардың ішкі қарсылығы есебінде осындай өрт жүру әрекеттерінің болуы әбден мүмкін. Олар Ахмет Байтұрсынұлын да, Тоқаевты да ойлап жатқан жоқ.Бұл олардың Қазақстанға қарсы әрекеттері деп ойлаймын. Осындай болжамның болуы әбден мүмкін. Оны жоққа шығармаймын.

Taulik.kz

Апта талқысында: