«Өрттің бір уақытта 8 жерден шыққаны – қастандық. Оны террорлық актіге теңеуге болады. Бұл жерде арнайы мекемелер ашық түрде тексеріс, тергеу жұмыстарын жүргізуі керек. Кімнің саяси көзқарасы бар, миллиардерлер, олигархтарды қамауға алу қажет. Басқа жол жоқ. Өзіңіз ойлаңыз, 5 қыркүйекте президент Тоқаев Қостанайға Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына бару керек еді. Соның қарсаңында осындай іс жасалып отыр. Оның үстіне 1 қыркүйекте президент Жолдау жасады. Онда үкіметтің жаңадан пайда болатынын, Президент сайлауы туралы айтты. Мұның барлығы осы террорлық актіге әкеліп отыр», – дейді ол.
Taulik.kz