Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет
және өнер музейінде ақынның Ахмет Байтұрсынұлының жақында табылған араб әрпімен басылған «Маса» кітабының таныстырылымы өтті.
Кітапқа енген шығармалар тізімі де бар. Кітап әбден ескірген, беттері сарғайған. Құнды жәдігер Аққулы ауданы Шақа ауылының тұрғыны Нұрлан Қасымовтың үйінде сақталған. Музейге оның бауыры Талғат Қасымов тапсырды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
"Бұл кітап 90-шы жылдары осы үйге келген екен. Араб жазуымен болғаннан кейін оны Құран кітабы деп ойлап жүрген. Кейін мешітке апарып тапсырмақ болған екен. Мешітте бұл Құран емес деп, қайтарып берген. Одан кейін "Маса" кітабы екені анықталып, музей қорына тапсырылды", - деді музей директоры Ербол Қайыров.