logo
search
menu

Депутаттар орыс тіліндегі баяндаманы тыңдаудан бас тартты

Депутаттар орыс тіліндегі баяндаманы тыңдаудан бас тартты
6 қыркүйек, 2022
Депутаттар орыс тіліндегі баяндаманы тыңдаудан бас тартты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қырғызстан парламентінің депутаттары орыс тіліндегі баяндаманы тыңдаудан бас тартты. Бұл туралы Taulik.kz 24.kg-ке сілтеме  жасап хабарлайды.  Ведомствоның хабарлауынша, баяндамада салықтық емес кірістер бойынша Кодекске өзгертулер енгізу жобасы туралы айтылды.
    «Қырғыз тілін дамыту мақсатында біз  баяндамаларды тек мемлекеттік тілде тыңдау туралы шешім қабылдаған болатынбыз», - деді комитет басшысы Аманқан Кенжебаев.
    Бұған депутат Жаныбек Қыдықбаев баяндама Қырғыз Республикасының «Салықтық емес кірістер туралы» кодексіне енгізілген өзгерістерге қатысты және салық төлеушілер арасында орыс тілін білетіндер бар екенін айтты.
    «Ендеше, келген соң тыңдайық. Ал келесі кездесуге қырғыз тілінде дайындалсын», – деді.
    Алайда оның ұсынысы қолдау таппады.
    «Бізді бүкіл республика тыңдайды. Олардың 80 пайызы қырғыз тілінде сөйлейді, 10 пайызы орыс тілінде сөйлеуі мүмкін. Көпшілікті сыйлау керек», - деді депутат Әлішер Қозуев.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы