«ҰБТ-2022 аяқталды, бірақ оның бейнежазбаларын тексеру әлі де жалғасып жатыр! Қазір бейнежазбаларды қайта қарау қорытындысы бойынша, 153 тестіленушінің ҰБТ нәтижесі жойылды, олардың 137-сі білім беру грантының иегері болған еді», – деп жазды ол.Оның сөзінше, 137 талапкердің бәрінің грант туралы куәліктері жарамсыз деп танылған. Сонымен қатар олқылыққа жол берген ҰТО қызметкерлерінің үстінен тексеріс жүргізіліп, тиісті мемлекеттік органдарға хаттар жолданып жатыр.
Taulik.kz