Мәзір
6 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Миттал Тоқаевқа Қазақстанға $1 млрд инвестиция салуға уәде берді

Миттал Тоқаевқа Қазақстанға $1 млрд инвестиция салуға уәде берді

Миттал Тоқаевқа Қазақстанға $1 млрд инвестиция салуға уәде берді Миттал Тоқаевқа Қазақстанға $1 млрд инвестиция салуға уәде берді
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМиттал» компаниясы басқармасының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдады. Кездесуде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Қазақстандағы қызметінің өзекті мәселелері мен алдағы уақытқа арналған жоспары талқыланды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. Сондай-ақ өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарға әділ еңбекақы төлеу, әлеуметтік міндеттемелерді орындау және материалдық-техникалық базаны жаңғырту мәселелері әңгіменің арқауына айналды. Мемлекет басшысы компанияның аталған талаптар мен міндеттемелерді орындауы аса маңызды екенін айтты. Сонымен қатар Президент ішкі нарықтың қажеттілігін «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнының өнімдерімен өтеу мәселесіне мән берді. Бұдан бөлек компанияның парниктік газ шығарындыларын азайту шараларына да назар аударылды. Лакшми Миттал Қасым-Жомарт Тоқаевқа «АрселорМиттал» компаниясы Қазақстанға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция құятынын, оның басым бөлігі өндірісті жаңғыртуға бағытталатынын жеткізді.

Taulik.kz

Апта талқысында: