Степнагорскіде 2 адамды өлтіріп кеткені туралы ақпарат рас па?
«Ақмола облысы Полиция департаменті бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. Степногрскте және жақын маңдағы елді мекендерде ауыр және аса ауыр қылмыстар қазіргі уақытта тіркелген жоқ», – деп хабарлады ведомство.Полицейлер Ақмола облысы тұрғындарын тек ресми мәліметке сенуге, шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауға шақырады. Тәртіп сақшылары көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамада қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
Taulik.kz