Мәзір
7 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қостанайдағы өрт. Қазіргі ахуал қандай?

Қостанайдағы өрт. Қазіргі ахуал қандай?

Қостанайдағы өрт. Қазіргі ахуал қандай? Қостанайдағы өрт. Қазіргі ахуал қандай?
ашық дереккөзі
Қостанай облысындағы ТЖМ жедел штабы елді мекендерге қауіп жоқ екенін айтып, өртке қатысты жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Мәлімет бойынша, жалындап жанып жатқан учаскелер қалмаған, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төрт аумақта (Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдары) қарауылдау шаралары ұйымдастырылған. Аздаған жаңбыр жауғандықтан, ауа ылғалдығы күшейді.
«Озерное, Лесное және Аманқарағай ауылдарында жағдай тұрақталды. Озерное, Аманқарағай ауылдарында тек локальды өрт ошақтарының бықсуы байқалады. Өрт сөндіру басталған сәттен бастап тікұшақтар әуеден 243 рет су шашты. Күштер мен құралдар негізгі жұмыс жүргізетін Бағаналы аудандарына қайта топтастырылды, онда жерді жырту жұмыстарын жүргізу үшін Қорғаныс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың инженерлік техникасы да жұмылдырылады», – делінген хабарламада.
Өрт басталғаннан бері барлығы 2091 адам эвакуацияланды. Эвакуцияланғандардың негізгі бөлігі өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарының үйінде.
«Барлығы 91 тұрғын үй зардап шекті: 85-і Аманқарағай ауылында және 6-ауы Озерный ауылында. Учаскелердегі өртті сөндіруге құрамында ТЖМ, ІІМ ҰҰ, Қостанай қаласындағы академиясының, Қорғаныс министрлігінің, ЖАО және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары: 79 техника, 6 әуе кемесі, 2 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамнан 721 адам тартылды. 12 адам (7 тұрғын: кәмелеттік жасқа толмаған бір адам, орман шаруашылығының 1 қызметкері, әкімдіктің 1 қызметкері, ТЖМ 3 қызметкері) жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік, улану алды, 1935 жылы туған бір адам қаза тапты», - делінген жедел штаб хабарламасында.

Taulik.kz

Апта талқысында: