Шығыс Қазақстандағы өрт 700 гектарға жайылды

Шығыс Қазақстандағы өрт 700 гектарға жайылды

ашық дереккөзі

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы дала өрті 700 гектарға жайылды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі 2 қыркүйек күні түскі уақытта Алтай ауданында ашық алаңда өрт шыққанын хабарлады.

«Тілсіз жау таулы аймақта бұта мен шөпті шарпуда. Сол жерде құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері, орманшылар, «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің қызметкерлері дамылсыз жұмыс істеуде. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Өртті сөндіруге барлығы 320-дан астам адам мен 25 техника жұмылдырылды», - делінген ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, бүгінгі таңда ыстық ауа-райына байланысты облыста өрт қаупі жоғары жағдай сақталуда.

Taulik.kz

Loading...