Мәзір
7 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Атырау облысында 22 жастағы ана үшемді дүниеге әкелді

Атырау облысында 22 жастағы ана үшемді дүниеге әкелді

Атырау облысында 22 жастағы ана үшемді дүниеге әкелді Атырау облысында 22 жастағы ана үшемді дүниеге әкелді
ашық дереккөзі
22 жастағы Аянгүл Сәбитова Атырау облыстық перинаталдық орталығында үш ұл баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды Taulik.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.  8 қыркүйек күні өмірге келген нәрестелердің үшеуі де ұл. Сәбилердің екеуінің салмағы 1 келі 800 граммнан, үшінші сәбидің салмағы – 2 келі 200 грамм.
– Қазір ананың да, балалардың да жағдайы жақсы. Балалар анасының қасына шығарылды. Жас ана болған соң сәбилерді бағып, ем-дом жасауға арнайы медбикелер бекітілді. Қазіргі таңда олар ауруханада дәрігерлердің бақылауында, – деді орталықтың шала туған нәрестелер патологиясы,  II кезең күту бөлімшесінің меңгерушісі Түрлен Бегеева.
Жас ана жүктіліктің 34 аптасында кесір тілігі арқылы үшемді дүниеге әкелген. Шұғыл ота орталық директорының орынбасары, білікті акушер-гинеколог дәрігер Асқар Кенжеғалиевтің жетекшілігімен өтті. Атырау облысында  жыл басынан бері 11 333 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 114 егіз бала бар. Өткен жылдың   8 айында 109 егіз өмірге келген еді. Ал, үш ем соңғы екі жылда тіркелген жоқ.

Taulik.kz

Апта талқысында: