Жүргізуші Алматыда «өрт қойып жүрген» адамды ұстап алды (видео)

Жүргізуші Алматыда «өрт қойып жүрген» адамды ұстап алды (видео)

ашық дереккөзі

Танымал журналист Ирина Советжанқызы Facebook-тегі парақшасында белгісіз біреудің өрт қойып жатқан видеосын жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Оның сөзінше, видео Алматы облысы Жамбыл ауданы, Қарасу ауылдық округі құрамындағы Еңбекшіарал ауылында түсірілген. Видеодан жүргізушінің қасақана өрт қойып жүрген адамның түрін түсіргенін байқауға болады. Жүргізуші қасында әйелі болғандықтан қауіпсіздігіне алаңдап, күдіктіні ұстай алмаған. Видеода әйелі екеуі жол бойы от қойылған жерлердің өртін өшіріп жүр. Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.

Taulik.kz

Loading...