«Украинадағы соғысқа Ресейдің қатысы жоқ»: Венгрия мектептері Ресейге қолдау білдірді

«Украинадағы соғысқа Ресейдің қатысы жоқ»: Венгрия мектептері Ресейге қолдау білдірді

ашық дереккөзі

Венгрия Ресей Федерациясының ізімен жүріп, мектептерде Украинаға қарсы үгіт-насихат жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты УНИАН басылымына сілтеме жасап. Венгрияда 8-сыныпқа арналған география оқулығы шығарылды. Ол жерде Украинаның Қырым тауларынан айырылғаны жазылған. Оқулықта Карпат таулары – Украинадағы жалғыз тау, «оның етегінде тарихи Венгр қалалары: Унгвар (Ужгород), Мункач (Мукачево), Хуст орналасқан» делінген. Білім жүйесі венгр оқушыларын Украинада азаматтық соғыс жүріп жатыр, оған Ресейдің қатысы жоқ деп сендіреді. Сонымен қатар оқулықты құрастырушылар венгр балаларына Украинаның өмір сүру үшін жаман жер екенін, сол жерде қалған венгрлер көп зардап шегетінін түсіндіреді.

Taulik.kz

Loading...