logo
search
menu

Қостанайдағы өрт толық сөндірілді

Қостанайдағы өрт толық сөндірілді
7 қыркүйек, 2022
Қостанайдағы өрт толық сөндірілді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қостанай облысындағы өрт толық сөндірілді. Бұл туралы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов мәлім етті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Оның айтуынша, облыстағы өрт 43 мың гектардан астам аумақты шарпыған.
    «Өрт салдарынан 191 үй өртеніп кетті, 2 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Бүгінде олардың барлығы өз үйлеріне оралды. Өрт болған жерде бір адамның денесі табылды. Бүгін түскі сағат 3-тегі мәліметке сәйкес, өрт сөндірілді», - деді Дмитрий Титов.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы