Мәзір
8 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

75 мың орынды жатақхана қайда: тоқсан мың студент қайда барады?

75 мың орынды жатақхана қайда: тоқсан мың студент қайда барады?

75 мың орынды жатақхана қайда: тоқсан мың студент қайда барады? 75 мың орынды жатақхана қайда: тоқсан мың студент қайда барады?
ашық дереккөзі
«Ашық алаң» бағдарламасында «Жолдау: жоғары білім сапасы» тақырыбында спикерлер елдегі оқу, білім мәселесін және жатақхана тақырыбын қозғады деп хабарлайды taulik.kz. Күз келіп, қыркүйек айы басталысымен жан-жақтан келетін студенттердің басты мәселесі – жатақхана. Басқа жылдармен салыстырғанда аталған тақырыптың биыл өте өзекті болуына себеп – қымбатшылық. Жатақхананың жетіспеуінен студенттер пәтер іздеуге мәжбүр. Ал биылдың өзінде бір Алматы қаласындағы пәтер құны 200-400 мың теңге арасында ойнап тұр. Яғни оқуға келген студенттердің дені қазір далада қаңғып жүр.
«Жыл сайын қайталанатын тақырып. Қазір еліміз бойынша 90 мыңға жуық студент жатақханаға мұқтаж. Оның ең көп мұқтаж студенттердің қатарында Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы тұр. Кәсіпкерді де, қаржы орталығын да немесе жеке университетті де кінәлауға болмайтын шығар. Былайша айтқанда, кім жауапты деген кезде ортақ жұмыс, бізде ортақ жұмыс механизмі дұрыс жұмыс жасамайды», – дейді депутат Мәди Ахметов.
Оның айтуынша, кәсіпкер өзінің жобасы, инвестициясымен келіп, белгілі бір университеттің басшылығымен ортақ келісімге келе алмайды. Әрі мұндай жағдайдың көп екенін де еске салды. Министрлік 2025 жылдың соңына дейін 75 000 орынды жатақхананы біту керек деген меже қойып отыр, бірақ оның тек 30 мыңын ғана орындаған.
Мәди Ахметов бұл мәселеге қатысты: «Тапсырма 2018 жылы берілген. Министрлік Қаржы орталығымен бірге 2022 жылдың соңына дейін бізге 75 мың орынды жатақхананы тапсыру керек еді. Алайда 2018 жылдың наурызынан баста бүгінге дейін тек 30 мың межені орындады», – дейді.
Бір қызығы, депутат Мәди Ахметов аталған жатақхана мәселесінің алдағы 3-4 жылда орындалатынына күмәнмен қарайды. Себебі тәуелсіздік алғалы бері бар-жоғы 50 мың орынды жаңа жатақхана салынған. Басқа жатақханалардың бәрі дерлік Кеңес үкіметінен қалған ғимараттар. Ал министрлік шешім ретінде хостелді, қонақ үйді атап әлек болып жүр.

Апта талқысында: