France 2 телеарнасы «Президент, Еуропа және соғыс» деректі фильмін эфирге шығарды. Онда Франция президенті Эммануэль Макрон мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің әңгімесінің аудиосы жарияланды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Әңгімеден үзінді:
Зеленский: Бұл 2014 жылы болған жағдай емес, бұл одан да күштірек.
Макрон: Түсінікті. Бұл – жалпы соғыс.
Зеленский: Иә, бұл – жалпы соғыс. Менің ойымша, Эммануэль, сіз Путинмен сөйлесуіңіз керек және соғысқа қарсы коалиция құру өте маңызды. Біз еуропа көшбасшылары мен Байден Путинге қоңырау шалса, оның тоқтайтынына сенімдіміз. Ол сіздерді тыңдайды.
Taulik.kz